×

Елімізде сүт-тауар фермаларының құрылысын қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлінеді

Сүтті мал шаруашылығындағы өсім 4,9%-ды құрады

 Динара Амантай 01.07.2023 | 18:00
Фото: twitter.com/xhnews

Елімізде сүт-тауар фермаларының құрылысын қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осы күндері Петропавлда «Pro Молоко.Тренды'23» халықаралық салалық форумы өтіп жатыр. Форум алаңы әлемдік және отандық жетекші сарапшылар, ғалымдар, мал өсірушілер және бизнес өкілдерін жинады, олар екі күн бойы сүт саласын дамыту тәжірибесімен, білімімен және өз көзқарастарымен бөлісетін болады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов іс-шара қатысушыларын құттықтап, сүтті мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары саланы айтарлықтай технологиялық жаңғыртуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Форум өткізу орны ретінде сүтті мал шаруашылығын дамыту бойынша елімізде көшбасшы болып отырған СҚО-ның таңдалғаны кездейсоқ емес. Биыл саланы мемлекеттік қолдау көлемі былтырғы жылдың деңгейінде сақталып, 24,3 млрд теңгені құрады. Жыл соңына дейін қосымша 11 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама аясында 100 млрд теңгеге сүт-тауар фермаларының құрылысы қаржыландырылады, – деді вице-министр.

Рүстем Құрмановтың айтуынша, 2022 жылы шикізат-сүт өндіру көлемі 2% өсіп, 6,3 млн тонна сүтке жетті. Маңыздысы бұл санның 1,9 млн тоннасы ұйымдасқан шаруашылықтарда өндірілгені, яғни өсім 4,9% құрады.

Сонымен қатар вице-министр сүт саласын дамытудың маңызды факторы білікті кадрлардың болуы екенін айтты. Ол жыл соңына дейін KFM қазақ-неміс сүт жобасының қатысуымен Алматы облысында «Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығының базасында сүт өндірушілерге арналған консалтингтік қызмет орталығы құрылатынын хабарлады. Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі жобаға ұқсас халықаралық және отандық сарапшылар тобы техникалық және басқарушы персоналдың біліктілігін арттыруды және кеңестер жүргізеді, сиырлардың өнімділігін арттыру, жемшөпке талдау жүргізу, фермадағы жұмыстар хаттамасын жасау және сақтау жөніндегі технологияларға үйретеді.

Сонымен қатар, «Pro Молоко.Тренды'23» форум жыл сайын өткізіліп тұрады және Қазақстанда сүт бизнесін танымал етуге, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды дамытуға және сүт шаруашылығы саласына жаңа фермерлерді тартуға ықпал етеді деп жоспарланып отыр. Форум аясында мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы, жемшөп өндіру, ветеринария және саланы кадрлық қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.

Іс-шараны Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҰКП-ның ресми қолдауымен және «Агро Индустрия KZ» серіктестігімен Қазақстанның ет-сүт одағы және Республикалық сүт және аралас ІҚМ тұқымдар палатасы ұйымдастырды.

Форум аясында сүт өндірісін дамытуға үлес қосқан саланың үздік өкілдері «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы үздігі» төсбелгілерімен, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама