×

Талғар ауданынан өрт шықты

Тілсіз жау сағат 14:30-да толығымен сөндірілді

 Дастан Жұмабекұлы 01.07.2023 | 15:00
фото: ашық дереккөз

Бүгін сағат 11:00 шамасында Алматы облысы Талғар ауданындағы Байбұлақ ауылының маңынан өрт шықты.

Өрт 10 га жерді алып кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тілсіз жаудан хабардар болып, ауылдың маңына дереу өрт сөндірушілерді жіберді. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына барып, өртеніп жатқан құрғақ шөпті сөндірді.

Қазір елді мекенге қауіп жоқ. Өрт ауылға дейінгі 1 шақырым қашықтықта болған. Тау мен ауыл арасында өзен бар. 

Өрт сағат 14:30-да толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 17 қызметкері мен 4 техникасы, 15 әскери қызметшісі және №28237 әскери бөлімінің 1 техникасы, 6 адам және жергілікті атқарушы органдардың 1 техникасы, 12 адам және орман шаруашылығының 2 техникасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама