×

Канелоның қарсыласы белгілі болды

Мексикалық боксшы америкалық Джермелл Чарломен шаршы алаңға шығады

 Дастан Жұмабекұлы 01.07.2023 | 14:30
фото: ашық дереккөз

30 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында екі салмақ дәрежесінің абсолютті чемпиондарының жекпе-жегі өтеді.

Бірінші орта салмақтағы (76,2 кг) әлем чемпионы Джермелл Чарло мен екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес қолғап түйістіреді. Бірақ әзірше жекпе-жектің қандай салмақ дәрежесінде болатыны белгісіз.

Джермелл былтырғы мамыр айынан бастап қолындағы жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпай, бірден екі санатқа (7 кг) көтерілді. Бұған дейін Сауль «Канело» Альварестің екінші орта салмақта WBC белбеуінің иесі Чарлоның егіз сыңары Джермалмен жекпе-жек өткізетіні туралы әңгіме болған еді. Енді жекпе-жектің 30 қыркүйекте болатыны шешілді.

Екеуі де әлемнің абсолютті чемпионы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама