×

БҚО-да 500-ге жуық нысан мүгедектерге толық бейімделді

Олардың тұрмыс сапасын жақсарту да басты назарда

 Дәурен Ерболат 01.07.2023 | 14:15
Фото: Freepik stock pictures

Батыс Қазақстан облысында мүгедектігі бар адамдардың заңды құқығын қамтамасыз ету үшін 500-ге жуық нысан олардың қажетіне толық бейімделді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқығын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар, AMANAT партиясының жол картасы және 2021 жылы президент тапсырмасы бойынша әзірленген «Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылып жатыр.

Жоба аясында Қазақстан аумағында бейімделуге тиіс 22 мың басым объект анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын осындай талапқа 4 400 объект сай келуі қажет. Биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша 9 128 объект бейімделді.

ЕХӘҚ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген тексеру барысында аталған 587 объектінің 463-інің толық бейімделгені расталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама