×

Астанада екі жылда 40 мектеп салынады

Жаңа оқу жылында 24-25 мың бала 1-сыныпқа барады

 Дастан Жұмабекұлы 01.07.2023 | 09:14
фото: gov.kz

Астанада екі жылда 40 мектеп салу жоспарланып отыр. Қазір 14 мектептің құрылысы жүріп жатса, 11 мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тағы 24 мектеп салынады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

Жыл сайын қалада ішкі көші-қон мен бала туу есебінен халық саны артып келеді. Мысалы, егер мектепті орта есеппен 8-10 мың түлек бітірсе, жаңа оқу жылында 24-25 мың бала 1-сыныпқа барады. Оқушы орындарымен қамту үшін мектептер салу бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Жаңа оқу жылында 11 мектеп пайдалануға беріледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 90 мыңға жуық оқушы екі ауысымда оқиды, – деді Жеңіс Қасымбек.

Мектептер барлық аудандарда, соның ішінде елді мекендерде де салынып жатыр. Жаңа оқу жылында тапсырылатын мектептердің 9-ы Алматы, Байқоңыр, Есіл аудандарында орналасатын болады.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Есіл және Нұра аудандарында 15 мектеп салынады. Мәселен, «Хан-Шатырдың» артында осы бағдарлама бойынша 3 мектеп салу жоспарланып отыр. Олар 12 мың оқушыға екі ауысымда оқуға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама