×

Алматыда 20 минут ішінде 2 рет жер сілкінісі болды

Алғашқы тіркелген жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 464 шақырым жерде

 Халық үні 30.06.2023 | 23:48
фото: ашық дереккөзден

30 маусым күні Алматы уақытымен сағат 16:33-те және 16:50-де тіркелген. 

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісі 30 маусым күні Алматы уақытымен сағат 16:33-те және 16:50-де жер сілкінісін тіркеді.

Алғашқы тіркелген жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 464 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.1. MPV магнитудасы – 4.7. Тереңдігі – 35 км. Эпиошақ координаттары – 43.50° с.е. 82.62° ш.б.

Ал, екінші жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 582 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.3. MPV магнитудасы – 4.7. Тереңдігі – 65 км. Эпиошақ координаттары – 38.82° с.е. 73.14° ш.б.

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама