×

Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап, көз жұмды

Қайғылы оқиға қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болған

 Халық үні 30.06.2023 | 22:49
фото: ашық дереккөзден

Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Halyq Uni. 

Қайғылы оқиға 30 маусымда Нәжімеденов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова аталған ақпаратты растап, іс бойынша сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

Астана қаласының полиция департаменті ересектерге балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуды ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама