×

«Мамандар жұмыстан кетіп жатыр». ШҚО жылыту маусымына дайындалып үлгермеуі мүмкін

Кәсіпорындарда жалақы төмен

 Дәурен Ерболат 30.06.2023 | 12:26
Фото: qazaqstan.tv

Шығыс Қазақстан облысындағы коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындарда кадр тапшылығы бар. Бұл туралы ШҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Арман Мәлік айтты, деп хабарлады Altaynews.kz.

Оның пікірінше, осының салдарынан өңір жылыту маусымына ойдағыдай дайындалып үлгермеуі мүмкін.

Коммуналдық кәсіпорындарда жалақының төмен болуына байланысты кадр тапшылығы пайда болды. Көптеген білікті маманның саладан кетіп жатқаны байқалады. Осының салдарынан алдағы жылу маусымына дайындық процесі бұзылуы мүмкін, – деді басқарма басшысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Арман Мәліктің айтуынша, былтыр коммуналдық кәсіпорындар 2 мыңға жуық қызметкерін «жіберіп» алған. Олардың 90%-ы жұмыстан өз еркімен шыққан.

Айта кетсек, бұған дейін премьер-министр жылыту маусымына дайындықты күшейтуді тапсырған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама