×

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасының алдын ала нәтижесі шықты

Барлығы 11 104 өтініш келіп түскен

 Дастан Жұмабекұлы 30.06.2023 | 11:27
фото: gov.kz

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Алматы жастары» жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының алдын ала қорытындысын шығарды.

Almaty.tv-ның хабарлауынша, өтініштер 15-31 мамыр аралығында қабылданды. Барлығы 11 104 өтініш келіп түскен.

Оның ішінде салалар бойынша:

1. Денсаулық сақтау – 2 781;

2. Білім беру – 4 006;

3. Мәдениет – 534;

4. Спорт – 186;

5. ЖОО мен ҒЗИ – 1 324;

6. БАҚ – 154;

7. Әлеуметтік сала – 786;

8. Құқық қорғау органдары – 788;

9. Коммуналдық қызметтер – 545.

Қорытындысы бойынша 3 631 өтініш мақұлданды.

Оның ішінде салалар бойынша:

1. Денсаулық сақтау – 861;

2. Білім беру – 1 389;

3. Мәдениет – 242;

4. Спорт – 57;

5. ЖОО мен ҒЗИ – 477;

6. БАҚ – 85;

7. Әлеуметтік сала – 31;

8. Құқық қорғау органдары – 410;

9. Коммуналдық қызметтер – 79.

Салалар бойынша жинаған баллдарына байланысты 1 100 үміткерге сайттағы жеке кабинетке «Отбасы банк» АҚ төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама берілетін болады. Жолдама алған өтініш берушілер төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін 15 жұмыс күні ішінде «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгінуі қажет. Төлем қабілеттілігін сәтті растаған қатысушылар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы және қайталама нарықтардағы тұрғын үйді таңдай алады, – делінген хабарламада.

2 531 адам негізгі тізімнің төлем қабілеттілігін бағалаудан өткенге дейін резервтік тізімде болады.

Келіп түскен өтінімдерді қарау кезінде 7 473 адамға жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, еліміз бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің болуы, соңғы 5 жылда тұрғын үйді иеліктен шығару, соңғы 6 айда зейнетақы төлемдерінің болмауы, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша тұрғын үйдің бар/жоқ екендігі туралы барлық отбасы мүшелеріне анықтамалардың болмауы, ҚР бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің болуы сканерленген балалардың туу туралы куәліктері және некеге тұру/бұзу және басқа да себепке байланысты жолдама берілмеді.

«Алматы жастары» бағдарламасы аясында өтініш пен құжаттарды қарау қорытындысы бойынша толық ақпарат www.almaty-zhastary.kz сайтына шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама