×

Сауд Арабиясындағы АҚШ консулдығына шабуыл жасалды

Күзетші мен қарулы адам қаза тапты

 Дастан Жұмабекұлы 29.06.2023 | 17:17
фото: ашық дереккөз

Сәрсенбіде Сауд Арабиясының Жидда қаласында АҚШ консулдығына шабуыл жасалды. Одан күзетші қаза тапты.

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаменті оқиғаны растап, атыстан шабуылдаған адамның да қаза тапқанын хабарлады.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, АҚШ азаматтары арасында ешкім зардап шекпеген. Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері дипломатиялық кеңсеге шабуылдаған адамның көзін жойған.

Қазір АҚШ-тың Жиддадағы консулдығы жабық.

Сауд Арабиясы оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама