×

Қазақстандық оқушылар математикадан халықаралық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды

Олар 100% нәтиже көрсетіп отыр

 Динара Амантай 29.06.2023 | 11:36
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық оқушылар математикадан халықаралық Балкан жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Албания астанасында математикадан 27-ші Халықаралық Балқан жасөспірімдер олимпиадасы (JBMO) аяқталды. Оған Балқан түбегі мен қонақ елдерден 130-ға жуық оқушы қатысты.

Халықаралық математика жарысында Қазақстан құрама командасы 6 медаль жеңіп алып, 100% нәтиже көрсетті. Жеңімпаздар:

Амирлан Аманжолов – Алматы қаласының КеАҚ «Республикалық физика-математикалық мектебі» 9-сынып оқушысы (алтын медаль);

Серік Мұрзабек – Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы (күміс медаль);

Ерқанат Кеңшілік – Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы (күміс медаль);

Әлинұр Маратұлы – Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы (қола медаль);

Жанарыс Теңдіков – Қарағанды облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы (қола медаль);

Аят Абдуллаев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы (қола медаль).

Қатысушылар математикалық олимпиадалардың ережелеріне сәйкес құрастырылған авторлық тапсырмаларды орындады. Оларды шешу үшін міндетті түрде ерекше тәсіл қажет. JBMO-ға қатысу – барлық қатысушылар үшін өте қысқа уақытта мәселелерді шешуде өз қабілетін тексеруге жақсы мүмкіндік, – деді топ жетекшісі Владимир Жук.

Айта кетсек, олимпиадаға 19 жыл ішінде 114 қазақстандық оқушы қатысып, 15 алтын, 47 күміс, 37 қола медаль жеңіп алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама