×

Экс-президент өзін «зорлады» деп айыптаған жазушы әйелді сотқа берді

Ол беделіме нұқсан келтірді деп айыптап отыр

 Халық үні 29.06.2023 | 08:20
Фото: Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өзін «зорлады» деп айыптаған жазушы Элизабет Джин Кэрроллды сотқа берді, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі. 

Сейсенбі күні кешке бұрынғы президент қарсы талап арыз берді. Кэрролды оның абыройына нұқсан келтірді деп айыптады, –  деп жазды Bloomberg.

Жазушының айтуынша, бұл оқиға 1996 жылы болған. Жазушы Дональд Трамптың Манхэттендегі әмбебап дүкеннің киім ауыстыратын бөлмесінде зорламақ болғанын алға тартады.

Мамыр айында сот Трамп пен Кэррол ісіне қатысты үкім шығарған болатын. Сот АҚШ-тың бұрынғы президентін жазушыны зорламақ болғаны үшін кінәлі деп тапты. Нәтижесінде Трамп Кэрролға 5 млн доллар өтемақы төлеуге міндеттелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама