×

«Алматы ауруханасында сәбилерге емізік орнына резеңке қолғап берілген»: Денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі осы оқиға бойынша тексеру жүргізді

 Халық үні 28.06.2023 | 19:51
фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы перинаталогия және балалар кардиохирургиясы орталығында реанимацияда жатқан жаңа туған сәбилерге емізіктің орнына резеңке қолғаптар берілетіні туралы ақпарат тарады. Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды stopfake.kz сайты. 

Ведомство мәліметінше, орталықта жатқан бірде-бір балаға емізіктің орнына резеңке қолғап берілмеген.

«Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Перинаталогия және балалар кардиохирургиясы орталығының Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі осы оқиға бойынша тексеру жүргізді. Атап айтқанда, стационарда жатқан жаңа босанған әйелдер мен медицина қызметкерлеріне сұрақтар қойылып, жауаптар алынды, әлеуметтік желідегі осы жарияланымға қатысты барлық бейнекамералар қаралды.

Ана мен баланың мәліметтерін алу үшін Перинатология орталығы пост авторына хабарласты. Алайда, автор қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Осы ретте барлық жаңа туған нәресте аналарының жанында болып, ана сүтін еметінін айта кеткен жөн.

Нәресте кювезде, балалар реанимациясында, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің қарқынды терапия палаталарында жатқан жағдайда, оларға неонатолог пен медбикелер күтім көрсетіп, бақылайды, бейнебақылау жүргізіледі. Видеожазбаларды қарау кезінде бұл факті расталған жоқ», – делінген Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында

Серіктес жаңалықтары

Сараптама