×

Өскемендегі құрғақ шөп өрті оқшауланды

Тікұшақтан өрт ошақтарына 7 рет су төгілді

 Динара Амантай 28.06.2023 | 10:03
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Өскемендегі құрғақ шөп өртін оқшаулауға 74 адам жұмылдырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 18.30-да Өскемен қаласының шығыс бөлігінде Глубокое ауданының Өскемен орман шаруашылығының Комсомол орманшылығында құрғақ шөп өрті оқшауланған. 8 м/с дейін соққан желдің қатты екпіні құрғақ өсімдіктерге отты әп-сәтте таратты. ШҚО әуе бөлімшесінің Ми-8 тікұшағы өрт сөндірушілерге өртті сөндіруге көмектесу үшін су төгетін құрылғымен жіберілді.

Өрттің бір себебі адам факторы болуы мүмкін, яғни отты дұрыс пайдаланбау. Бағыты өзгерген қатты желдің әсерінен өрт гектардан гектарға дейін өршіді. Түтін қаланың айналасын басып, күйік иісі сезілді. ШҚО әуе бөлімшесінің су төгетін құрылғысы бар тікұшақты тарту туралы шешім қабылданды. Тікұшақтан өрт ошақтарына 7 рет су төгілді. Бұл таралып келе жатқан өрттің жиегін тоқтатуға көмектесті. Одан кейін өрт сөндірушілер жергілікті атқарушы органдармен және орманшылармен бірлесіп, қалған түтін нүктелерін аспалы өрт сөндіргіштер мен хлопушкалардың көмегімен сөндіруді жалғастырды, – деді ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Айдос Нүсіпбаев.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД мен орман шаруашылығынан 74 адам, 14 техника, ШҚО АБ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама