×

Заңгер Айман Асанованы өлтірген сәттен видео жарияланды

Адвокат видеоны марқұмның туыстарының рұқсатымен жариялап отырғанын айтады

 Халық үні 28.06.2023 | 07:47
ашық дереккөзден

Қазақстандық адвокат Джохар Утебеков заңгер Айман Асанованы күйеуінің өлтірген сәтінен видео жариялады.

«Нұртаевтың бұрынғы әйелі Айманды қалай өлтіргені көрініп тұр! Ол әйеліне 18 рет пышақ сұққан! Судья Майшинов Нұртаевқа осындай қылмысы үшін қалай 1,5 жыл жаза тағайындаған?», – дейді Джохар Утебеков.

Адвокат видеоны марқұмның туыстарының рұқсатымен жариялап отырғанын айтады.

«Видеоның соңын қараңыздар. Нұртаев Айманның қозғалып жатқанын байқаған. Ол әйеліне қайта оралып, аса қатігездікпен қайта пышақтаған! Мен бұл видеоны марқұмның туыстарының келісімімен жариялап отырмын. Судья Майшинов бұл видеоны көре тұра, қылмыскерге қалай жеңіл жаза тағайындаған?» – деп жазды Утебеков.

Апелляциялық сот Алматыда адвокат Айман Асанованы өлтіру ісі бойынша шешім шығарды. Сотталған Талғат Нұртаевтың үкімі қайта қаралады.

Алматының мамандандырылған ауданаралық соты заңгер Айман Асанованы өлтірген қылмыскерді бір жыл алты айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Бұрынғы күйеуі оған өткен жылдың қазан айында 18 рет пышақ жарақатын салған. Әйел 42 жаста еді. Марқұмның туыстарының айтуынша, бұрынғы жұбайы оған бейнекамералардан алыс үйдің жанындағы тұрақта шабуыл жасаған. Оның некеде болған кезде әйелінің ақшасына сатып алынған пәтерден дәмесі болғаны атап өтілді.

Кеше апелляциялық соттың отырысы өтті.

«Алматы қалалық сотының апелляциялық сатысы сотталушы Н.- ның әрекеттері қасақана кісі өлтіруден (ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі) қатты психикалық толқу жағдайында кісі өлтіруге (ҚК-нің 101-бабы) қайта сараланған алқабилердің қатысуымен үкімнің күші жойылды», - деп хабарлады соттан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама