×

Ақтөбеде ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды

Ақтөбеде 27 жастағы әйел мен 40 жастағы ер адам ұсталды

 Халық үні 27.06.2023 | 21:39
Фото: Freepik

Ақтөбеде есірткі таратумен айналысқан ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың соңында Ақтөбе облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласында 27 жастағы әйел мен 40 жастағы ер азаматты ұстады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ерлі-зайыптылардың екеуі де есірткіге мас күйде болған. Оларды жеке тінту, тұрғылықты жерін және есірткі қойған жерлерін тінту барысында жалпы салмағы 1,5 келіні құрайтын синтетикалық психотроптық заттар тәркіленді.

Бұл деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2023 жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ерлі-зайыптылар сату мақсатында аса ірі көлемде психотроптық заттарды сақтағаны мен тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама