×

Астанада Құрбан айт күні автобустар таңғы 5-тен жүреді

28 маусым күні қоғамдық көлік таңғы сағат 05:00-ден бастап қатынай бастайды.

 Халық үні 27.06.2023 | 16:48
ашық дереккөзден

Астанада Құрбан айт мерекесіне байланысты қоғамдық көлік жұмысын әдеттегіден бір сағат ерте бастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Құрбан айт мерекесіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін 28 маусым күні қоғамдық көлік таңғы сағат 05:00-ден бастап қатынай бастайды.

Ал 29 маусымда автобустар әдеттегі қозғалыс кестесі бойынша жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада құрбандық шалынатын орындар анықталған болатын. Олар таңғы 8-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар келесі мекен-жайларда орналасқан:

«Жайлау» базары, Алаш тас жолы, С-313 көшесі («Шарын» базарының арты);
«Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 34/6 («Көк базар» базарының арты);
«Шопан ата» базары, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
«Баракат» базары, А-369 көшесі, №10 ғимарат.
«Ұлжан» әмбебап базары, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама