×

Шымкентте 6 жасар бала үйдің үшінші қабатынан құлап кетті

Қазір ол жансақтау бөлмесінде жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 27.06.2023 | 14:13
фото: ашық дереккөз

26 маусымда Шымкент қаласында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің үшінші этажынан 6 жасар бала құлап кетті.

Жедел жәрдем қызметіненсағат 20.25-те Еңбекші ауданы Орынбай ақын көшесінде орналасқан тұрғын үйдің үшінші қабатынан ересектердің қарауынсыз қалған 2017 жылы туған ұл баланың құлағаны туралы хабар келіп түскен.  Бала дереу ауруханаға жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлмесінде жатыр. Баланың жағдайы қиын.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама