×

БАӘ-де 36 қабатты зәулім ғимарат түгел өртеніп кетті (ВИДЕО)

Ол – 36 қабатты 12 ғимараттан тұратын, жалпы саны 3 мың пәтер орналасқан кешен

 Еркеғали Болатұлы 27.06.2023 | 11:06
фото: видеодан скриншот

Біріккен Араб Әмірліктерінің солтүстігіндегі Аджман қаласында биік, көпқабатты тұрғын үйдің барлық қабаты отқа оранған. Зәулім ғимараттың бір жағы түгел дерлік жанып кетті. Бұл туралы РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Өрт әйгілі «Абрадж-Аджман» кешенінде тұтанған. Оқиға орнына Аджман Джасем әл-Марзукидің азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы мен полиция операцияларына жауапты Аджман полициясының директоры, генерал Абдулла әл-Матрушидің келуі талап етілді.

Агентіктің мәліметінше, өзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Тілшілердің ақпараты бойынша «Абраж-Аджман» – 36 қабатты 12 ғимараттан тұратын, жалпы саны 3 мың пәтер орналасқан кешен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама