×

Бүгін Алматы мен Шымкентте аптап ыстық күтілуде

Сейсенбіде Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады

 Халық үні 27.06.2023 | 07:13
фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер бүгін, 27 маусымда Алматы мен Шымкент тұрғындары үшін күн ыстық болады, ал Астанада жаңбыр жауады деп болжады. Ауа райы туралы мәлімет «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланған.

Метеорологтардың мәліметінше, Алматыда бүгін аптап ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +30...+32 градус болса, түнде термометр +17...+19 градусты көрсетеді. Күндізгі желдің жылдамдығы - 2-7 м/с. Оңтүстік астанада жауын-шашын күтілмейді, бірақ көшпелі бұлт шығуы мүмкін.

Сейсенбіде Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елордада күн салқындайды. Бүгін күндіз ауа температурасы +15...+17 градус болса, түнде +12...+14 градусқа дейін төмендейді.

Сондай-ақ қалада 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. Бірақ жел екпіні 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде 23 м/с күшеюі мүмкін.

Синоптиктер 27 маусымда Шымкентте де күн ыстық, жауын-шашынсыз ауа райы күтілетінін болжады. Күндіз ауа температурасы +33...+35 градусқа көтеріледі, түнде +16...+18 градусқа төмендейді. Күн бұлтты болуы мүмкін. Бүгін желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама