×

Марат Қарабаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Министр журналистерге ашық жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді

 Дәурен Ерболат 26.06.2023 | 17:40
Фото: ИИДМ

БАҚ қызметкерлерінің күні қарсаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев журналистермен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында министр «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасын іске асыруда БАҚ-тың рөлі зор екенін атап өтті.

Қоғамдық пікірді қалыптастыруда БАҚ қызметкерлерінің рөлі бөлек. Сіздердің жұмыстарыңыз халыққа дұрыс әрі тексерілген ақпаратты жеткізіп, алуан түрлі мәселелерді шешуге септігін тигізіп келеді. Осы орайда қалам ұстаған барлық азаматты кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Үкімет, Сенат және Мәжіліс отырыстарынан кейін 5-10 минуттың ішінде бүкіл қойылған сұраққа жауап беру мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі форматтағы кездесулер өте маңызды. Осыны ескеріп, мұндай кездесуді белгілі бір тақырып аясында тұрақты негізде өткізетін боламыз, - деді Марат Қарабаев.

Айта кетейік, 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама