×

Елімізде құрбандыққа шалынатын мал бағасы белгілі болды

Қасап қызметінің де саудасы жүріп тұр

 Еркеғали Болатұлы 26.06.2023 | 17:32
фото: ашық дереккөз

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға келіп тұр. Осыған орай Caravan.kz мал бағасының ірі қалаларда қаншадан болып жатқанын анықтап көрген.

Құрбандық дұрыс болу үшін бауыздалатын малға қатысты шариғатымызда мынадай талаптар қойылады: құрбандыққа қой, ешкі, ірі қара немесе түйе шалу. Малдың еркегі де, ұрғашысы да жарайды. Еті көп, дәмі жақсы болғаны абзал. Ақауы жоқ, мінсіз малды құрбандыққа шалу қажет. Қой мен ешкі 1 жасқа жету керек. Үлкендігі 1 жасар қойға ұқсас 6 айға толған семіз әрі ірі қойды да құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі. Ал ірі қара 2 жасқа, түйе 5 жасқа толуы шарт, - дейді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл.

Сонымен, қазір интернеттегі сауда алаңдарында:

  • қойдың орташа бағасы – 40-45 мың теңгеден;

  • ірі қара 300-350 мың теңгеден;

  • жылқы 500 мың теңге жобасынан басталып тұр.

Қасап қызметінің де саудасы жүріп тұрған сияқты. «Шариғат бойынша мал соямыз. Құны 10 мың теңгеден» дегендей хабарландырулар да көп.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама