×

Алматыда тағы да қару-жарақ қоймасы табылды

Мылтықтар мен оның патрондары Көкқайнар шағын ауданынан шықты

 Дастан Жұмабекұлы 26.06.2023 | 16:04
фото: polisia.kz

Алматы қаласында тағы да қару-жарақ табылды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемесінің (Тергеу изоляторы) қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірігіп, Көкқайнар шағын ауданынан қару-жарақ қоймасын тапты.

Жедел-іздестіру іс-шарасында Сайга және МР-18 ЕМ-М тегіс ұңғылы мылтықтары, 7 оқ-дәрі табылды.

Оқиға орнына Алатау ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылып, олар зерттеу жұмыстарымен айналысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама