×

Президент атынан БАҚ өкілдеріне пәтер сертификаттары берілді

Барлығы 65 пәтердің кілті табысталды

 Дәурен Ерболат 26.06.2023 | 13:30
Фото: Facebook/ Дархан Қыдырәлі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік БАҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді, деп хабарлады Ақорда.

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары – Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі БАҚ қызметкерлеріне 65 пәтердің кілтін табыстады. 

Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында президенттің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында қажырлы қызмет атқарып келе жатқан бірнеше азаматты баспанамен қамтамасыз етуді тапсырғанын жазды. Соған орай журналистер, режиссерлер, монтажерлар, операторлар және басқа да мамандық иелері кәсіби мереке қарсаңында марапатталды.

Пәтерлер Президент жанындағы DARA қорының атынан берілді.

Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі кәсіби мереке тамаша тартумен басталғанын айтып, БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама