×

Месси «Интер Майами» клубына таныстырылады

Сонымен бірге Серхио Бускестпен келісімшартқа қол қою рәсімі де өтуі мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 26.06.2023 | 10:58
фото: ашық дереккөз

Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің жаңа клубындағы таныстырылымы өтеді.

Munro Deportivo басылымының хабарлауынша, 16 шілдеде Лионель Мессидің «Интер Майами» клубымен таныстырылымы болады. Бірақ таныстырылымның болатын күні ресми түрде белгіленбеген. Ал билеттердің барлығы сатылып кетті. Стадион басшылығы аренаны 18 мыңнан 21 мыңға дейін көбейтуді жоспарлап отыр.

Сонымен бірге таныстырылым кезінде Серхио Бускестпен келісімшартқа қол қою рәсімі де өтуі мүмкін, – делінген материалда.

Бұған дейін хабарланғандай, Месси Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында соңғы кезде болашақ командасына қатысты алып-қашпа әңгіменің болып жатқанын, Испанияның «Барселона» мен Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» командасында ойнамайтынын ескертіп, таңдауды АҚШ-тың MLS лигасына жасағанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама