×

Александр Бублик рейтингте бірден 21 орынға көтерілді

Қазақстан теннисшілері тізімдегі орындарын жақсартты

 Дастан Жұмабекұлы 26.06.2023 | 10:11
фото: Қазақстан теннис федерациясы

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингті жария етті. Осы тізімде Александр Бублик 48-орыннан бірден 21-орынға көтеріліп, әлемнің 27-ракеткасы атанды.

Тізімде Тимофей Скатов – 138, Бейбіт Жұқаев – 239, Михаил Кукушкин – 259, Денис Евсеев – 320, Дмитрий Попко 343-сатыда тұр.

Жұптық сында Александр Недовесов 53-тен 51-ге жоғарыласа, Андрей Голубев 86-орында келеді.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина 3-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 50-ден 51-ге сырғыды. Аружан Сағындықова 1064-тен 1022-ге шығып, мыңдыққа жақындады.

Жұптық сында Анна Данилина – 24, Жібек Құламбаева 197-орында тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама