×

Мәскеуден Астанаға қатынайтын ұшақтарға билет қалмаған

Ереванға тікелей рейс 198 мың рубль (әдетте шамамен 10 мың рубль тұратын) болды

 Еркеғали Болатұлы 25.06.2023 | 13:23
фото: fotovmire.ru

Ереванға тікелей рейс 200 мың рубль болды. Ал қазір Мәскеуден Стамбулға, Астанаға және Тбилисиге тікелей рейстерге билет жоқ.

Бір-екі трансфермен санаулы ғана билет қалды. Ереванға тікелей рейс 198 мың рубль (әдетте шамамен 10 мың рубль тұратын) болды, - деп хабарлады Baza Telegram арнасы.

Еске сала кетсек, «Вагнер» тобының негізін қалаушы Евгений Пригожин 24 маусымға қараған түні Ресей Қорғаныс министрлігін жалдамалылардың позицияларына соққы берді деп айыптаған бірнеше аудиохабарлама жариялаған.

Біз – 25 мыңбыз, елде неліктен хаос болып жатқанын анықтаймыз, - деді ол.

Пригожиннің айтуынша, олар «елдің әскери басшылығы көтеріп отырған зұлымдықты тоқтатуды» жоспарлаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама