×

Евгений Пригожин күтпеген мәлімдеме жасады

Бүгін қан төгілуі мүмкін сәт туып отыр, дейді ол

 Халық үні 24.06.2023 | 23:57
фото: видеодан скриншот

Евгений Пригожин колонналар кері қайтарылып, Ресей қалаларынан далалық лагерьлерге бет алғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Telegram-каналында мәлімдеді.

«Біз 23 маусымда «әділеттілік шеруіне» бардық. Тәулік бойы Мәскеуге дейін 200 шақырым қалғанша жүрдік. Бүгін қан төгілуі мүмкін сәт туып отыр.

Тараптардың бірінен орыс қаны төгілетіні тұрғысынан барлық жауапкершілікті түсініп, колонналарымызды кері қайтарып, жоспар бойынша қарама-қарсы бағыттағы далалық лагерьлерге бет алдық», - деді Пригожин аудиохабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама