×

Қазақстан теннисшісі Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты

Енді Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар финалда турнирдің үшінші ракеткаларымен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2023 | 17:53
фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Ұлыбританиядағы челленджер турнирінің финалына шықты.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар әуелі аастралиялықтар Эндрю Харрис пен Люк Сэвилді 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Олан кейін қазақстандық-эквадорлық дуэт ширек финалда германиялық Константин Францен мен Хендрик Йебенснен 6:4, 3:6, 10:4 айласын асырды.

Александр мен Гонсало жартылай финалда бельгиялықтар Зизу Бергс пен Йорис де Лоремен кездескенде есеп 7:6 (7:3), 7:5 және супер тай-брейкте 10:5 болып тіркелді.

Енді Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар финалда турнирдің үшінші ракеткалары, америкалық Роберт Гэллоуэй пен австралиялық Джон Патрик Смитпен бас жүлдені сарапқа салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама