Halyq Uni логотип
×

Путин мен Лукашенко телефон арқылы сөйлесті

Ресей басшысы Беларусь президенті елдегі жағдайдан хабардар етті, – делінген хабарламада

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2023 | 15:23
Путин мен Лукашенко телефон арқылы сөйлесті
фото: ашық дереккөз

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенко телефон арқылы сөйлесті.

Беларусь президентінің баспасөз қызметі мемлекет басшыларының телефонмен әңгімесінің таңертең болғанын хабарлады.

Бүгін таңертең Ресей президенті Беларусь президентіне қоңырау шалып, телефонмен сөйлесті. Владимир Путин беларуссиялық әріптесін Ресейдегі жағдайдан хабардар етті, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

24 маусымға қараған түні Ростов облысында «Вагнер» жеке әскери компаниясының содырлары Дондағы Ростов қаласына кіген болатын. Жалдамалылар әскерін компанияның басшысы Евгений Пригожин бастап барды. Сосын ол РФ Қорғаныс министрлігінің Оңтүстік әскери округында қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Бек Евкуровпен кездесіп, қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Одан кейін Ресей президенті Владимир Путин халыққа үндеу жолдап, «Вагнер» басшысының әрекетін мемлекетке опасыздық деп бағалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама