×

Путин «Вагнерге» қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Мемлекетке опасыздық жасалды, –  деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2023 | 13:26
фото: ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин елдегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Мен Ресейдің барлық азаматына, әскерилерге, төңкеріс жасағысы келгендерге алданған қарулы күштердің сарбаздарына арнайы үндеу жолдаймын!

Қазір біздің еліміз болашағымыз үшін өте қиын күрес жүргізіп жатыр. Ресейге қарсы Батыс елдерінің барлық әскери және ақпараттық күші жұмылдырылған. Арнайы операция кезінде өзара бақталастықты жиып қойып, елдің тағдырын ойлайық. Қазір біздің елдің тағдыры қыл үстінде.

Біз сатқындыққа куә болып отырмыз. Кеудемсоқтық деген нәрсе мемлекетке қауіп төндірді. Мемлекетке опасыздық жасалды. Төңкеріс жасағысы келгендер аса қатаң жазаланады, –  деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін таңертеңнен бері Ресейде «Вагнер» жеке әскери компаниясының содырлары РФ шекарасын кесіп өтіп, Дондағы Ростов қаласына кірді.

Қалаға кірген бетте «Вагнердің» басшысы Евгений Пригожин РФ Қорғаныс министрлігінің Оңтүстік әскери округына барып, қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Бек Евкуровтан ведомствоның  басшысы Сергей Шойгу мен РФ Қарулы күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимовты ұстап беруді талап етті.

Ол өздерінің мұндай қадамға барғанын Ресейдің тұрақты армиясының жалдамалылар лагерьлеріне ту сырттарына ракетамен соққы бергендері себеп болғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама