×

«Вагнер» әскері Ростовта РФ Қорғаныс министрлігіне талап қойды (ВИДЕО)

Шойгу мен Герасимовты әкелмесеңіздер біз Мәскеуге барамыз, - деді Пригожин

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2023 | 12:09
фото: ашық дереккөз

«Вагнер» жеке әскери компаниясының содырлары РФ шекарасын кесіп өтіп, Дондағы Ростов қаласына кірді.

Осы жерде «Вагнердің» басшысы Евгений Пригожин РФ Қорғаныс министрлігінің Оңтүстік әскери округында қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Бек Евкуровпен кездесті.

Кездесуде Пригожин өздерінің мұндай қадамға барғанын Ресейдің тұрақты армиясының жалдамалылар лагерьлеріне ту сырттарына ракетамен соққы бергендері себеп болғанын мәлімдеді. Ол Ростовқа келе жатқан жолында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың қорыққанынан қаладан қашып кеткенін айтты. Сол себепті ол қорғаныс министрінің орынбасарына ведомствоның басшысы Сергей Шойгу мен РФ Қарулы күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимовты ұстап беруді талап етті.

Шындап келгенде, Ресей әскерінің Украинадағы адам қазасы құжатта көрсетіліп жатқандай емес. Одан 10 есе көп.  Сондықтан маған Шойгу мен Герасимовты тапсырыңыздар. Олармен оңаша әңгімем бар. Егер олар осы жерге келмесе... егер сіздер оларды... осы жерге әкелмесеңіздер біз Мәскеуге барамыз, –  деді ол.

Әзірге Қорғаныс министрлігі оған жауап берген жоқ.

Ресейлік БАҚ-та Пригожиннің әскерінің РФ Оңтүстік әскери округінің, Федералды барлау қызметінің, Ішкі істер министрлігінің жергілікті басқармалары ғимараттары мен Ростов қаласы әкімшілігін басып алғанын жазып жатыр.

Cоңғы дерекке қарағанда, «Вагнер» жеке әскери компаниясының содырлары Воронеж қаласына басып кірді. Қазір Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысында, Ростов, Воронеж облыстарында терроризмге қарсы шаралар жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама