×

Шымкентте жоғалған 4 жасар бала табылды (ВИДЕО)

Балдырған ата-анасына аман-есен тапсырылды

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2023 | 13:00
фото: ашық дереккөз

Шымкентте жоғалған 4 жасар бала табылды.

Бүгін таңертең сағат 9.20 шамасында 102 телефон номеріне жергілікті азамат хабарласып, Қаратөбе тас жолында іздеу жарияланған хабарламадағы ұлдарға ұқсайтын екі  баланы кездестіргенін айтты. Балалар аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Балдырған ата-анасына аман-есен тапсырылды.

Ал екінші бала Түркістан облысының Мақтаарал ауданында хабар-ошарсыз кеткендер қатарында екені анықталды.

Еске сала кетсек, кеше Абай АПБ-ның 102 телефон номеріне кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен еді. Баланың әкесі сағат 13.00 шамасында оның баласы ағасымен бірге достарымен ойнауға аулаға шығып, біраз уақыттан кейін үлкені үйіне жалғыз оралғанын айтқан.

Кәмелетке толмаған баланың жоғалып кеткенін ескере отырып, оны іздеуге Шымкент қаласы ПД бөлімшелерінің барлық күші жұмылдырылды. Баланың жүрген жерін анықтау үшін оның сыртқы келбетін, киімін және фотосуретін сипаттайтын бағдарлар барлық аудандық полиция басқармаларына жіберіліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.

Тәртіп сақшылары көршілерінен сұрап, бейнебақылау камераларын тексерді. Автокөлік экипаждары мен жаяу патрульдер еріктілермен бірге жоғалған бала болуы мүмкін барлық жерлерді тексерді.

Бүгін таңертең жоғарыда айтқанымыздай,  сағат 9.20 шамасында Қаратөбе тас жолында іздеу жарияланған бала табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама