×

Шымкентте 4 жасар бала жоғалып кетті

Бала арықтау, шашы мен көзі қара, шашы қысқа

 Халық үні 24.06.2023 | 08:50
Фото: instagram.com/_volontery_shymkent_lider.kz

Шымкентте жоғалып кеткен 4 жасар бала іздестіріліп жатыр. Бұл туралы volontery_shymkent_lider.kz Instagram-парақшасында еріктілер хабарлады. 

2019 жылы туған Әділет Розахов 23 маусымда сағат 15.00-16.00 аралығында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. 

Бала арықтау, шашы мен көзі қара, шашы қысқа.

Үйінен шыққанда үстінде ақ жазуы бар қызыл футболка және көк шорты болған. 

Еріктілер баланы көрген- білгендер болса, 8-777-679-18-24 немесе 102-ге хабарласуды сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама