×

Махмұд Сабырхан Олимпиада үшін басқа салмаққа ауысты

Боксшы енді 57 келіге дейінгі салмақтағы спортшылармен қолғап түйістіреді

 Дастан Жұмабекұлы 23.06.2023 | 17:29
фото: ашық дереккөз

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан салмақ ауыстырды. Ол QAZAQ RING YouTube арнасына берген сұхбатында салмағын келесі жылы Парижде болатын Олимпиялық ойындарға бола ауыстырғанын айтып қалды.

Боксшы енді 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қолғап түйістіреді.

Білесіздер ме, кез келген боксшының арманы –  Олимпиялық ойындар. Менің салмақ дәрежем - 54 келі. Бірақ бұл Олимпиаданың салмағы емес. Сондықтан енді 57 келіде бақ сынайтын боламын. Бұған дейін Таиландта өткен 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында осы салмақта жұдырықтасып көрдім. Нәтиже жаман емес. Азия чемпионы болдым, –  деді ол.

Оның айтуынша, салмақ ауыстырған оңай емес. Тіпті, бұрынғыдан да қиынырақ болуы мүмкін. Бұл салмақта қарсылас көп. Соған байланысты бәсекелестік те болады.

Бұл салмақта оңай болады деп айта алмаймын. Қазақстан чемпионатында жеңіске жетсем, соның өзі үлкен жетістік болады. Бұл салмақта Серік Теміржанов, Ораз Асылқұлов, Сабыр Ерболат пен басқа да бокс шеберлері өнер көрсетеді. Бәрінің мақсаты, арманы бір - Олимпиадаға бару. Сондықтан...бәсекелестік күшті болады, –  деді Махмұд Сабырхан.

Еске салсақ, Махмұд Сабырхан Ташкентте 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпион атанған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама