×

«Титаник» кемесін көзбен көргісі келген миллиардерлер ажал құшты

«Титан» батискафының сынықтары табылды

 Дастан Жұмабекұлы 23.06.2023 | 10:12
фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың Жағалау күзетінің хабарлауынша, Атлант мұхитында «Титаник» кемесін іздеуге шыққан «Титан» батискафының сынықтары табылды.  

Өкінішке қарай, мұхиттың түбінен батискафта болған барлық бес адам көз жұмды, –  делінген хабарламада.

Батискафта суға батқан «Титаник» кемесін көзбен көргісі келген миллиардерлер Стоктон Раш, Поль-Анри Наржоле, Хэмиш Хардин, Шахзада Давуд пен оның ұлы Сүлейман Давуд болған.

Батискаф радардан 18 маусымда жоғалып кетті. Онымен байланыс мұхитқа түскен уақыттан 1,5 сағат өткенде үзілген. «Титаник» кемесін көзбен көру үшін билеттің бағасы 250 мың доллар болған, –  делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, «Титаник» кемесі 1912 жылы 14 сәуірде 1496 адамымен суға батқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама