×

Нұрсұлтан Құрман жаңа қызметке тағайындалды

Ол спорт жанкүйерлеріне танымал маман

 Халық үні 22.06.2023 | 23:40
фото: kff.kz

Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті болып журналист Нұрсұлтан Құрман тағайындалды, деп хабарлайды Kff.kz. 

Нұрсұлтан Құрман біраз уақыттан бері футзалдан және футболдан Қазақстан чемпионатын белсенді түрде насихаттап, оның жұмысын жариялап келеді

2021 жылы Нұрсұлтан Құрман БАҚ өкілдері, өнер және мәдениет қызметкерлері арасында футзалдан әуесқойлар лигасын құрып, содан бері чемпионаттың ұйымдастырушысы болды.

ҚФҚ вице-президенті лауазымында Құрманның міндеттеріне Қазақстан чемпионаты, Кубогы, Суперкубогы, дайындық топтары арасында ҚР біріншілігі матчтарының трансляциясын ұйымдастыру, сондай-ақ ҚФҚ медиа және маркетингін дамыту сияқты функциялар кіретін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама