×

Әлеуметтік желіде Илон Маск пен Марк Цукерберг сөзге келіп қалды

Екеуі де жекпе-жекке шыққысы келеді екен

 Дастан Жұмабекұлы 22.06.2023 | 13:47
фото: ашық дереккөз

Twitter әлеуметтік желісінде Илон Маск пен Meta басшысы Марк Цукерберг сөзге келіп қалды. Онда Маскке Цукербергтің Twitter-ге бәсекелес болатын желіні жасап шығарамын деген сөзі ұнамай қалған. Маск соған ашуланып, Meta басшысын жекпе-жекке шақырған.

Егер бұл рас болса, мен жекпе-жекке шығуға дайынмын, –  деп жазды Маск.

Оған Цукерберг те жылдам жауап беріп, «Қай жерде кездесетінімізді айт?», депті.

Маск жауап ретінде тұрғылықты жерін көрсетіпті.

Лас-Вегас, октагон, –  деп жазыпты.

«Лас-Вегас, октагон» дегені осы қаладамын, октагонға шақырамын дегенін білдіреді.

Қолда бар мәліметке қарағанда, Илон Маск бала кезінде каратэ, таэквондо және дзюдомен айналысыпты. Цукерберг болса әлі күнге дейін джиу-джитсуға барып тұрады екен. Жақында ол күрестің осы түрінен турнирді жеңіп алыпты.

Кейбір дерекке көз жүгіртсек, америкалық миллиардерлердің бұл «жекпе-жегі» елдің көңілін аулау үшін жасалған алдамшы нәрсе. Екеуінің арасында ешқандай араздық, өкпе-реніш жоқ. Бизнесмендердің арасында ондай нәрсе ешқашан болмайды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама