×

Рыбакина Берлин турнирінде ұтылып қалды

Теннисші екінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичке есе жіберді

 Дастан Жұмабекұлы 22.06.2023 | 10:23
фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Теннисші екінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен кездесіп, ұтылып қалды.

Бірінші партияда тай-брейкте Елена Рыбакина 7:6 (7:1) есебімен жеңген еді. Содан екінші, үшінші сетте қарсыласына есе жіберді. Хорватиялық спортшы отандасымызды екі сетте де 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Ойын екі сағат 14 минутқа созылды. Осы уақытта Елена Рыбакина 15 эйс жасағанымен, 2 брейк-пойнтты мүлт жіберді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама