×

Семейде қоғамдық қор атын жамылған қылмыстық топ әшкереленді (ВИДЕО)

Полиция 18 адамды ұстады

 Дастан Жұмабекұлы 22.06.2023 | 09:57
Фото: Halyq Uni

Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірігіп, Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Семей қаласында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, күдіктілер қоғамдық қор құрып, сол арқылы халықты мұқтаж адамдарға қайырымдылық көмек көрсетеміз деп ақшаға бопсалаған.

Қордың Instagram әлеуметтік желісінде жеке парақшасы да болған. Қор құрылған күннен бастап қордың есепшотына қаражат түспеген. Күдіктілер қорды қаржыландырамыз деген сылтаумен жергілікті жастардан және есірткі пайдаланатын адамдардан ақша бопсалаған. Кейбір жағдайларда қылмыскерлер өз құрбандарын талап еткен ақшаны алғанға дейін жалдамалы пәтерлерде ұстаған.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыстың айтуынша, бопсалаудың 7 фактісі анықталды. Арнайы операцияда 19 тінту іс-шарасы жүргізіліп, суық және травматикалық қару тәркіленді. 18 адам полицияға жеткізілді. Олардың ішінде қылмыстық топтың басты 8 мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама