×

Ақтөбеде екі жасөспірім қыз өздерін белгісіз біреулердің кепілге алғанын хабарлаған

Ақтөбеде тоғыз және 11 жастағы жасөспірімдер өздерін белгісіз адамдар кепілге алғанын айтып, облыстық әкімдіктің 109 ахуал орталығына хабарлаған

 Халық үні 21.06.2023 | 20:49
Фото: видеодан алынды

Ақтөбеде тоғыз және 11 жастағы жасөспірімдер өздерін белгісіз адамдар кепілге алғанын айтып, облыстық әкімдіктің 109 ахуал орталығына хабарлаған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Кейін телефонның тұтқасын қоя салған. Дереу бұл ақпарат полицияға берілген. Тәртіп сақшылары дереу қоңырау түскен мекенжайға жеткен. Екі жасөспірім қыздың еріккеннен хабарласып, ойнап айтқандығы анықталды. Енді қыздардың ата-анасы 30 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

«Енді балалардың еркелігі үшін ата-аналарына ҚР ӘҚБТК-нің 127-бабы «Кәмелетке толмаған адамдарды тәрбиелеу және білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша жауап беруге тура келеді, онда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл қарастырылған», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама