×

6 адам оқиға орнында көз жұмды: Қарағанды облысында қайғылы жағдай болды (ВИДЕО)

Екі кәмелетке толмаған бала әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді

 Халық үні 20.06.2023 | 22:54
фото: Halyq Uni

20 маусымда сағат 18.15 шамасында Қарағанды қаласынан 20 шақырым қашықтықта республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тас жолында Toyota Camry және Nissan автокөліктері соқтығысып, қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Өңірлік ПД мәліметінше, жол апаты салдарынан 6 адам, оның ішінде екі көліктің жүргізушісі де алған дене жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Екі кәмелетке толмаған бала әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

«Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама қорытындылары бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады», - делінген хабарламада. 

Полиция жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама