×

Президент Қазақстанның Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымын айтты

Біз БҰҰ Жарғысын қатаң сақтауымыз керек, - деді мемлекет басшысы

 Дастан Жұмабекұлы 20.06.2023 | 17:15
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесуде  көпшілікке Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын тағы да айтып берді.

Мен бұл күрделі мәселеге қатысты ұстанымымызды айқындадым.

Біріншіден, біз БҰҰ Жарғысын қатаң сақтауымыз керек. Әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымын әлемде теңдесі жоқ әрі әмбебап ұйым ретінде қолдауға тиіспіз.

Екіншіден, біз Қытайдың, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің барлық бейбіт бастамасын қолдауымыз қажет.

Сондықтан жақын арада Украинадағы қарулы қақтығыс тоқтайды деп үміттенеміз. Содан кейін әлемнің осы бөлігінде берік бейбіт өмір орнайтыны туралы сөз қозғай аламыз, –  деді ол.

Сонымен бірге мемлекет басшысы еліміздің Украина елінде бейбітшілік орнатуға өз үлесін қосуға дайын екенін, Ресеймен де стратегиялық серіктестік болып отырғанын айтты.

Сонымен қатар біз Ресеймен стратегиялық серіктеспіз. Бұл елмен бірнеше ұйымның мүшесіміз. Сондықтан біздің мақсатымыз – екіжақты және халықаралық ұйымдар аясында өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін Ресеймен тығыз байланысты сақтау, – деді ол.

Еске сала кетсек, таңертеңнен бері екі елдің мемлекет басшылары шағын және кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөздер өткізді.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама