×

Назарбаевтың тәуелсіз елдің негізін қалаушы ретіндегі мәртебесі Конституцияда бекітіледі

Конституциялық түзетулермен айналысып жатқан жұмыс тобының мүшелері бір шешімге келді

 Ербол Тұрымбет 25.04.2022 | 16:19
Фото: akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» мәртебесі Конституцияға енгізіледі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасылов айтты.

«Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы. Осы мәртебесі анықталады. Оның маңызы зор, себебі оның сіңірген еңбегін, нақты бар фактілерді бәрі біледі, барлық әлем көріп отыр. Сол мәртебесі Конституцияда бекітіледі», - деді Әбдірасылов.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша конституциялық түзетулермен айналысып жатқан жұмыс тобы осындай шешімге келді.

«Жұмыс тобы сол мәртебесін Конституцияның өзінде анықтау керек деген қорытындыға келді. Осы норманы нақтылайтын басқа заңдарға қарамай, Конституцияның өзінде бекіту қажет», - деп атап көрсетті Әбдірасылов.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтату туралы конституциялық заңдарға қол қойды.

Бұл ретте Қазақстанның тұңғыш президенті маңызды мәселелерді талқылау кезінде Парламент пен Үкімет алдында сөз сөйлеу құқығын сақтайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама