×

Түркістанда танысын үй алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Қазір күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде

 Дастан Жұмабекұлы 20.06.2023 | 09:36
фото: ашық дереккөз

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданды. Оған сырттай таныс әйел мемлекет тарапынан берілетін үйдің кезегін жылжытып беретінін айтып, қызметі үшін 300 мың теңге ақшасын алып, бір жыл бойы алдап келген.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190»-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.

Тұрғынды алдап, ақшасын алған күдікті әйелді ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден топ құрылып, олар көп кешікпей күдіктіні ұстады.  Ол жұмыссыз жүрген қала тұрғын болып шықты.

Қазір күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама