×

Димаш Құдайберген Малайзияда алғашқы концертін өткізеді

Онда жас әншілер де өнер көрсетеді

 Дәурен Ерболат 20.06.2023 | 09:05
Фото: Informburo.kz

24 маусымда Куала-Лумпурда қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің алғашқы Stranger жеке концерті өтеді, деп хабарлады dimashnews.com.

Үлкен шоу қарсаңында ұйымдастырушылар концертке билеттермен және әртістің аты жазылған эксклюзив өнімдермен түрлі іс-шара өткізді.

Басты жүлде жеңімпаздар үшін концерттің шымылдығын ашып, қонақ ретінде өнер көрсету мүмкіндігі болды. Вокалистер байқауы қызықты өтті. Онда Димаштың репертуарынан S.O.S, «Адажио», «Опера-2» сияқты танымал әндер шырқалды.

Нәтижесінде Знай» әнін орындаған 16 жастағы әнші Eshan жеңімпаз атанды, ал жас музыканттар Lim Yue Zhen және Aric Lau жүлдегер атанды.

Сондай-ақ Малайзияның ең танымал әншілерінің бірі – Дато Шри Сити Нурхализа концерттің арнайы қонағы ретінде қатысатынын мәлімдеді. Сити Нурхализа Димаштың музыкалық қабілетіне жоғары баға беріп, оның әнді нақышына келтіріп орындайтынын атап өтті.

Димаштың дауысы керемет, мейлі ол жоғары нотада болсын, төмен нотада болсын, еш қиындықсыз еркін ауыса алады, өте керемет ән айтады, – деді Дато Шри Сити Нурхализ xuan.com.my басылымына берген сұхбатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама