×

Төреғали Төреәлінің қазір қайда екені белгілі болды

Алматы қаласы полиция департаменті әншінің қазір қайда екенін хабарлады

 Халық үні 19.06.2023 | 22:47
Фото: Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Есірктіге мас күйінде ұсталған Төреғали Төреәлі қазір қоғамдық тәртіпті бұзушыларға арналған арнайы абақтыда отыр. Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Tengri Life.

«Алматы қаласы бойынша СІМК-нің 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулысына сәйкес, бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін полиция қызметкерлері ұстаған азамат А. әкімшілік құқық бұзушыларға арналған изоляторда жатыр», – деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Ұстау изоляторы қаланың Жетісу ауданында, Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысына жақын жерде орналасқан. Біздің редакция мекенжайға барып, бұл «шағын түрменің» не екенін анықтады. Ғимарат тікенек сыммен, биік дуалмен қоршалған. Қоршаудың ар жағынан ештеңе көрінбейді. 

Мекеме аумағына зәулім темір қақпа арқылы кіруге немесе бақылау-өткізу бекетінен өтуге болады. Нысанда адамдардың қозғалыс процесі өте қатаң бақыланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама