×

«Тағдырдың соққысынан осындай халге түскен»: желіде танымал әндер авторы Арман Қайназаровтың көшеде жүрген видеосы тарады

Әлеуметтік желіде танымал композитор Арман Қайназаровтың аянышты халдегі видеосы қызу талқыланып жатыр.

 Халық үні 19.06.2023 | 19:50
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде танымал композитор Арман Қайназаровтың аянышты халдегі видеосы қызу талқыланып жатыр. Қызылордалық ақын Есет Табынбаев өзінің Facebook парақшасында жазба қалдырып, талантты азаматты танитындарға көмктесуге өтініш жасаған, деп жазады ZTB Qazaqstan.

Оның айтуынша, Қайназаров көптеген әннің авторлық құқығын алса, әжептәуір азамат, тамаша шығармашылықтың адамы болып кетер еді.

«Әңгімесіне қарасаң, өнерден кенде емес, көптеген әннің авторы екен. Қазалының тумасы. Тағдыр деген сан бұралаңды дүние екенін есейген сайын көріп келеміз ғой. Мына бауыр сол тар жолда тайып кетіпті. «Үйіме баруға ұяламын» деп отыр. Өзін тастап жібергенімен намыс пен арын, бастысы, ұятын тастамапты. Танитын кісілер, ағайын-бауыры болса, қолтығынан сүйеп жіберсе, аяғына тұрып, көптеген әннің авторлық құқығын алса, әжептәуір азамат, тамаша шығармашылықтың адамы болып та кетер ме еді?!»,- деп жазды ақын.

Сондай-ақ, кейбір видеоларда композитордың өзі де алдағы уақытта көптеген жақсы әндер шығаратынын, талантын тұншықтырмай шығармашылығын жалғастыруға уәде берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама