×

Велоспорт: Артем Захаров Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ол 122 ұпай жинап, мәреге екінші болып жетті

 Дастан Жұмабекұлы 19.06.2023 | 17:31
фото: Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Малайзияның Нилай қаласында тректегі велоспорттан Азия чемпионатының соңғы күні Артем Захаров күміс жүлдеге ие болды.

Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Артем Захаров омниумнан өткен бәсекеде екінші орыннан көрінді. Ол жарыс қорытындысы бойынша 122 ұпай жинап, мәреге екінші болып жетті. Бірінші орынды 139 ұпай алған Жапония спортшысы Эйя Хашимoто жеғңіп алса, үшінші орынды Оңтүстік Корея өкілі Пак Сан-Хун (119 ұпай) иеленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама