×

Антикор 300 мың доллар талап еткен күдіктілерді ұстады

Екеуі де ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды

 Дастан Жұмабекұлы 19.06.2023 | 16:34
фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғау аясында Тараз қаласының тұрғынын алаяқтық және пара беруге итермелеу күдігі бойынша ұстады. Ол шетелдік компанияның өкілін мемлекеттік органмен туындаған проблемасын шешуге көмектесемін деп алдаған.

Шетелдік компанияның өкілі оған жоғары лауазым иесімен кездесуге көмектескені үшін 200 мың АҚШ доллары көлемінде ақша берген. Сонымен бірге күдікті 200 мың долларды алып қана қоймай, одан мемлекеттік органмен келісімшартқа қол қойылған жағдайда келісім сомасының үш пайызын талап еткен. Күдікті көп ұзамай ұсталып, қамалды.

Осы сияқты тағы бір оқиға Алматы қаласында болған. Онда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Бұл кісі де Қорғаныс министрлігінің қарамағындағы ұйымға танысын жұмысқа орналастырамын деп одан 100 мың АҚШ долларын талап еткен.

Ақшаны алғаннан кейін күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама